Нұр-Сұлтан

+5

Алматы

+14

SSE 3518.42

FTSE 100 7229.92

Dow Jones 35490.70

KASE 3 762,04

Brent 84.11

WTI 82.29

Золото 24 432.57

PTC 1 879.53

USD 426.01

RUB 6.05

EUR 493.75

CNY 66.62

Кадеттер әскери ант қабылдады

18 қыркүйек, 14:474370

Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде 200-ден астам кадетпен әскери ант беру рәсімі өтті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл әскери білім ордасы Қарулы Күштердегі сержанттар құрамының лауазымдарына тағайындау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша мамандар даярлайды.

Әскери колледжге қабылданған сәттен бастап кадеттер ант қабылдау рәсіміне дейін алғашқы жауынгерлік даярлық курсынан өтті. Бір ай бойы олар жалпыәскери жарғыларды зерделеп, саптық, дене және оқ ату даярлықтарымен айналысты.

Әскери колледждің бастығы полковник Ербол Нұржанов бірінші курс студенттерін салтанатты күнмен құттықтады.

- Сіздер, әскери антты бір рет және мәңгілік қабылдай отырып, Қазақстан халқына риясыз беріліп, заңды сайланған Президентке әскери борышты үлгілі атқаруға, Отанға жан-тәнімен адал қызмет етуге ант бересіздер. Ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі біздің қызметіміздің нәтижесіне, дұрыс ұйымдастырылуына және жауапкершілікке байланысты екенін білуге тиіспіз, - деді әскери оқу орнының бастығы.

Бүгінгі таңда әскери колледждің түлектері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде де, басқа да әскери құрылымдарында, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ішкі істер министрлігінде жемісті қызмет етуде.

Салтанатты шараға Ұлы Отан соғысының және Қарулы Күштердің ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

2006 - 2021 © Сіздің поштаңыз. 16+