3 бірдей қымбат телефонды қолды қылған Алматы облысының тұрғыны ұсталды

3666

Түркістан полицейлері 1,5 миллион теңгенің ұялы телефонын жымқырған Алматы облысының азаматын ұстады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ол арызында өзінің сауда үйіне белгісіз біреулер түнгі уақытта кіріп, үш бірдей “Iphone  12” ұялы телефонын жымқырып кеткенін көрсеткен. Осы оқиғаға байланысты тәртіп сақшылары хабар алысымен жолға шықты.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап, күдікті ретінде танылған Алматы облысының тұрғынын ұстады. Сондай-ақ тәртіп сақшылары орта жастағы күдікті азаматты ПБ-ға жеткізіп, орын алған жайттың ақ-қарасын ажырату мақсатында тергеу амалдарын жүргізді. 

Белгілі болғандай, күдікті азамат жәбірленушінің қол астындағы жұмыскері болып шықты. Жәбірленуші азамат ұялы телефондарды өз жұмысшысына сеніп тапсырған. Алайда күдікті сеніп тапсырылған телефондарды өз пайдасы үшін жымқырып, ізін суытқан. Сондай-ақ күдікті қолды еткен ұялы телефонды арзан бағада сатып үлгерген.

Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді. 

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 500 000 теңге. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жалғастыруда.

Өз кезегінде полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға артық сенім білдірмеуге шақырады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -