ШҚО-да ер адам тапанша мен мылтық жасаған: атыс қаруының арсеналы алынды

3675

ШҚО-да ер адамнан атыс қаруының арсеналы алынды, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Ағымдағы жылдың 13 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының полицейлері атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен өңір тұрғының үйінде тінту жүргізді.Нәтижесінде, 56 жастағы ер адамның тұрғылықты жері мен омартасынан 100-ден астам оқ-дәрі мен алты түрлі қару тәркіленді.

Олардың қатарында 5,6 мм калибрлі патрондармен атуға арналған қолдан жасалған тапанша, 5,6 мм калибрлі қолдан жасалған мылтық, сәйкесінше 28 және 12 мм калибрлі ТОЗ-34 маркалы екі тіркелмеген мылтық, сондай-ақ қарудың әртүрлі компоненттері бар.

Ұсталған адамның айтуынша, ол тәркіленген қарудың бір бөлігін үйде қолдан жасаған.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей:

– Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Оның іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 287 және 288-баптары (Қаруды заңсыз сақтау және дайындау) бойынша сараланды, олар бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -