Елорда колледжінде білім алушылар Отан алдында адал болуға ант берді

18038

Нұр-Сұлтан қаласында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде салтанатты рәсім өтіп, онда білімгерлер жауынгерлік дәстүрге сай ант берді, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шара алаңда сап түзеп, әскери колледждің туын шығару сәтінен басталды. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған салтанатты рәсімге оқу орнының жеке құрамы мен оқушылардың ата-аналары қатысты.

Биыл әскери білім ордасына оқуға түскен еліміздің әр өңірінен келген 127 жасөспірім салтанатты түрде ант берді. Бұл күн олардың әрбірі үшін айтулы күн. Болашақ Отан қорғаушы кәсібіне жасаған алғашқы қадам.

Бірінші курс білімгерлері әскери оқу орынның есімін мақтанышпен атайтын Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -