«Астана Опера» қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды

1144
Фотосурет: astana.gov.kz

«Астана Опера» қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Астана Опера» опера труппасының директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов қазақстандықтарды келе жатқан мерекемен құттықтады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент, Ұлт Көшбасшысы күнімен құттықтаймын! Биыл бұл мерекенің тойланғанына 10 жыл. 2011 жылы Заң қабылданып, бұл күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі ретінде енгізілді. Халқымызға игілік, бейбітшілік пен жақсылық, сондай-ақ Елбасымызға ұзақ ғұмыр тілеймін!» - деп лебізін білдірді «Астана Опера» опера труппасының директоры.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу жөнінде» Заңға қол қойды, онда жаңа мемлекеттік мереке – 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін белгілеу көзделген.

Бұл мерекені құруды ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында бір топ депутат ұсынған болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -