Вакцинация: Қыздар университеті ұжымы мен студенттері арасында акция өтеді

26730

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша ЖОО білім алушылары арасында вакцинацияны қолдау акциясы аясында бірнеше іс-шараларды іске асырмақ. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Атап айтқанда, коронавирустың таралуын болдырмау және вакцинация жүргізу бойынша Қыздар университеті вакцина алған студенттер, профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасында ағылшын тілі бойынша ақылы курстарға арнайы ұтыс ойындарын өткізеді.

Ұтыс ойынына осы жылдың 30 маусымы мен 5 шілде аралығында вакцинаның бірінші компонентін алғандар қатыса алады.

Қатысушылар арасынан 3 студент, 3 оқытушы және 3 қызметкер арнайы бір айлық сертификаттарға ие болады.

Шілде айында жеңімпаздардың аты-жөндері анықталып, оның нәтижесі жарияланатын болады.

Айта кетейік, азаматтардың коронавирус індетіне қарсы иммунитетін көтеру мақсатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері ерікті түрде екпе салдыра бастады.

Ең алғаш болып оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған «Спутник-V» вакцинасын салдырды.

– Менің ойымша, екпе салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алады. Вакцина салдыру арқылы ғана барлық шектеулердің алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына, білім алу офлайн жүйеге көшетіне сенімдімін, – деді Гүлмира Қанай.

Қыздар университетінің медициналық пункті екпемен толық қамтамасыз етілген. Вакцина салу ерікті түрде жүзеге асырылуда.

– Біз қызмет бабына байланысты өзімізді өзгелер үшін жауапкершілікті сезінеміз. Сондықтан да екпе қабылдауға шешім қабылдадық. Университет студенттері мен оқытушыларының денінің саулығы үшін баршамыз екпе алуымыз қажет деп санаймыз. Бұл орайда білім ордасының қызметкерлері жауапкершілікті сезініп, мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті дұрыс пайдаланғаны жөн, – дейді университет ұжымы.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -