Жалған құжат дайындаған күдікті полицейге пара бермек болды

60137

БҚО-да Бәйтерек ауданының тұрғыны жеке мәселесін ақша беру арқылы шешуге тырысты, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Дарьинск ауылында жалған құжаттар дайындаған күдікті Приурал ПБ тергеу бөлімінің бастығына келіп, ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін оған 300 мың теңге және 50 АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге тырысты.

– Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің барлық кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Тергеу бөлімінің бастығы оқиға туралы дереу баянат жазып, пара берушіні ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру қылмыстық жазаланатын әрекет екенін ескертеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -