Ақтөбе облысының call-орталығына 300-ден астам қоңырау келіп түсті

71192

Ақтөбе облысының call-орталығына 300-ден астам қоңырау келіп түсті, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

АР

Бірінші күні Ақтөбе облысы Полиция департаментінің call-орталығына шетелдік көліктерді пайдалану мәселелері бойынша 180 қоңырау келіп түсті. Азаматтар call-орталығына хабарласып, Ресей Федерациясынан әкелінген автомобильдерді пайдалану және тіркеу бойынша сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

– Сіз 8 (7132) 936 132 және 936-170 телефонына қоңырау шалып, Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы сұрағыңызға жауап ала аласыз, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің базасынан көлігіңіздің Ресей Федерациясында есепте тұрған-тұрмағанын біле аласыз. Азаматтарға ыңғайлы және ақпаратты жедел ұсыну үшін call-орталықтардың телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс жасайды, – деп хабарлады Ақтөбе облысы ПД ӘПБ-ның бастығы Вячеслав Бикмуханов.

Жүргізушілер негізінен Ресей Федерациясындағы автокөлікті есептен қалай шығаруға және Қазақстанда құжаттарды қалай ресімдеуге болатындығы туралы қызығушылық танытты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркеуден шығарылған автокөлік туралы кеңес алды.

Полиция көршілес елдердің автокөліктерінің арасында сот үкімімен шектелген немесе есептен шығарылған көліктер көп екенін ескертеді. Мұндай автокөліктерді тіркеуден кейін ғана пайдалануға болады. Сонымен қатар, тәртіп сақшыларының айтуынша, көршілес елдерден шетелдік көліктер ұрлануы мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -