Қорғаныс министрлігінің шығармашылық ұжымы елордалық алаңдарда музыкалық бағдарламамен өнер көрсетті

3762
Фотосурет: Gov

Елорда күніне арналған мерекелік шаралар аясында Қарулы Күштердің Орталық әскери оркестрі мен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың Орталық ансамблінің музыканттары мен солистері «Жетісу» саябағында және дәстүрлі XI «Әскери керней» әскери-музыкалық фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға елдің күштік құрылымдарының үздік музыкалық ұжымдары қатысты. 6 шілде күні «Қазақ елі» алаңында Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің музыканттары бірлескен құрамда өнер көрсетті.

Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери музыканттары плац-концерт қойып, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобының попурриін, ырғақты «Құдаша дикси» шығармасын, марштық, патриоттық, қазақтың халық әуендерін және Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Көрермендерді барабаншылардың интерактивті шоуы мен Құрмет қарауылы ротасының дефилесі де ерекше тәнті етті.

Бүгін ерекше күн – бүкіл ел сүйікті елордамызға назар аударуда. Астананың тұрғындары мен қонақтарына музыкалық сый жасап, мерекелік көңіл күй сыйлап, осылайша мемлекеттік мерекемен құттықтағанымызға қуаныштымыз Орталық әскери оркестрдің аға әскери дирижері капитан Нұрлан Күчкаров

Айта кетейік, «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді дамыту мен насихаттауға, әскер мен халық арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -