Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Сарбаздардың мұражайға саяхаты

2328

Тұңғыш Президент күні қарсаңында танк әскери бөлімінің сарбаздары Аягөз ауданының тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.

Танк әскери бөлім басшылығының ұйымдастыруымен мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар әскери борышын өтейтін өңірдің тарихымен танысу мақсатында Аягөз қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына барған болатын, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Аталмыш экскурсияда сарбаздар әртүрлі экспонаттармен танысты. Атап айтар болсақ, палеонтология, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекциялары және қазіргі заманғы мұраға айналған дүниелерді көзбен көріп, кеңінен мағлұмат алды.

Сонымен қатар, Отан қорғаушы сарбаздар мұражайды аралау сәтінде патриоттық рухқа бөленіп шықты. Мұражайға тек қана қызықтау мақсатында келмей, қызықты ақпараттарды естігендерін айтып, мұражай ұжымына алғыстарын білдірді.

– Бүгін біз әскери борышымызды өткеретін өңірдің тарихымен танысу үшін өлкетану мұражайына келіп, тарихтан сыр шертетін әдемі естеліктерді көрдік. Бұл саяхат маған және менің қарулас достарыма үлкен әсер берді. Алдағы уақытта әскери бөлім кітапханасынан тағы да Аягөз өңірі жайлы ақпараттарды оқып, тереңірек білсем деген ойдамын, – деді қатардағы жауынгер Ерлан Ғабдуллин.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -