Маңғыстау облысын дамытудың Кешенді жоспары аясында 60 мың жұмыс орны ашылады

2120
Фотосурет: pixabay

Жуырда қабылданған Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары өңірдің өркендеуіне тың серпін бермек, - деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті.

Кешенді жоспар 214 іс-шарадан тұрады, оның ішінде экономиканы дамыту аясында – 87, тұрғын үй және инфрақұрылым бойынша – 48, әлеуметтік сала мен экологияда 66, азаматтық қорғанысты қамтамасыз етуде 13 іс-шара қарастырылған.

Кешенді жоспардың жалпы бюджеті 2,1 трлн. теңге. Оның ішінде 71% жеке инвестицияның үлесі (бюджеттік қаражаттың көлемі 457 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде республикалық бюджет – 339 млрд. теңге, жергілікті бюджет – 118 млрд. теңге).

Кешенді жоспарды жүзеге асыру арқылы өңірдегі келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

  • 2025 жылға қарай облыстың жалпы ішкі өңірлік өнімінің көлемін 3,1 трлн.теңгеден 4,1 трлн. теңгеге дейін ұлғайту;
  • 2025 жылы өңірге келетін туристер санын 750 мыңға дейін арттыру;
  •  Халықтың нақты табысын ұлғайту
 "Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет қабылдаған кешенді жоспар өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге, облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда 60 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр" Нұрлан Ноғаев.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -