Инвестициялар тартудың үш деңгейлі жүйесі құрылды

709
Фотосурет: ortcom.kz

Бүгінде барлық 66 шетелдік мекеме, салалық мемлекеттік органдар мен өңірлік әкімдіктер осы жұмысқа белсенді тартылды. Орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар бірлесіп Қазақстанда өндірісті ұйымдастыру үшін перспективалы тауар топтары мен нишаларды айқындайды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осылайша, инвесторға инвестициялық шешім қабылдауда шешуші фактор болып табылатын әлеуетті сату нарығы ұсынылады. Өткен жылы 3000-нан астам тауар позициялары мен 617 тауашалық жобалар бойынша «инвестицияларға тапсырыс» алынды. Инвестицияларды тартудың үш деңгейлі жүйесі туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Зейнешев егжей-тегжейлі айтып берді.

«Келесі кезеңде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Қазақ инвесторы жергілікті серіктестер - қазақстандық компанияларды анықтайды, одан әрі жобаларды «буып-түю» және шетелдік мекемелер арқылы инвесторларды таргеттеу жүргізіледі. Бұл тәсіл біздің шетелдік мекемелерімізге 1000-нан астам мақсатты компаниямен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік берді. Ең тартымды ұсыныстар мен талдауларды пысықтағаннан кейін 200-ден астам әлеуетті инвесторлармен кездесулер анықталды және өткізілді. Нәтижесінде, өңірлерге шетелдік қатысумен 60-қа жуық жоба тартылды. Әрбір деңгей үшін өз КРІ белгіленген», - деп қосты спикер.   

Шетелдік мекемелерге сыртқы деңгейде Қазақстанға инвестициялар мен компанияларды тарту бойынша нақты көрсеткіштер белгіленген. Орталық және өңірлік деңгейлерде барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің бірінші басшыларына ҚР Премьер-Министрімен жасалатын меморандумдар шеңберінде инвестициялар тарту бойынша нысаналы көрсеткіштер белгіленді. Өңірлік деңгейде инвестициялар мәселелеріне жетекшілік ететін әкімдердің арнайы орынбасарлары бекітілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -