Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдар өнеркәсіп кәсіпорындарын газбен жабдықтау объектілерінде 1053 бұзушылық анықтады

529
Фото: ortcom.kz

2021 жылдың 10 айында өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары газбен жабдықтау объектілеріне 103 тексеру, оның ішінде кесте негізінде ерекше тәртіп бойынша 66 тексеру және жоспардан тыс 37 тексеру жүргізді, нәтижелері бойынша 1053 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев осындай көрсеткіштерді келтірді.

«Заңнама талаптарын бұзғаны үшін 13 жеке және 63 заңды тұлғаларға қатысты 76 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және жалпы сомасы 10 млн теңгеден астам айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп қорытты спикер.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
ХАА «DKNews» © 2006 -