Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

Қазақстан мен Өзбекстанның III өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі жұмыс күні өтті

541
Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы өз жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
 
Форум жұмысының алғашқы күнінде "Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен тауар өткізу жүйесін құру" және "трансшекаралық тәуекелдерді басқару. Экологияны сақтау/қорғау және жаңартылатын энергия көздерін дамыту" тақырыбында екі панельдік сессия өтті.
 
Сонымен қатар форум алаңында екі елдің іскер топтарының көптеген кездесулері өтті. В2В келіссөздердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 611,3 млн. АҚШ долларын құрайтын 54 құжатқа қол қойылды, оның ішінде инвестициялық – $372,7 миллион, сауда – $238,6 миллион (экспорт – 123,7, импорт – 114,9 (2021-2022жж.).
 
Инвестициялық уағдаластықтардың ішінде Түркістан арнайы экономикалық аймағы аумағында картон мен қағаз өндіру және электр техникалық өнім өндіруді ұйымдастыру жөніндегі жобаларды іске асыру туралы келісім бар. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімдігі "Discovery Invest" компаниясымен өнеркәсіптік нысандарды, азаматтық тұрғын үй кешендерін, білім беру мекемелерін салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру туралы Меморандум, ал Шымкент қаласының әкімдігі "Asia Metal Prof" компаниясымен металл өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жоба туралы меморандум жасасты.
Келісімшарттар тізбесінде Өзбекстанға қазақстандық трансформаторларды, бейнебақылау камераларын, локомотивтер мен рельс-арқалық өнімдерін, ақылды есік құлыптарын, фосфорит шикізатын, жиһаз бен АӨК өнімдерін жеткізу келісімі де бар.
 
Импорттық келісімшарттардың ішінде Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп тауарларын, құрылыс материалдарын, жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуге келісім қаралған.
 
Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының III форумы жұмысының 2-ші күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов Форумның пленарлық отырысына қатысты.
 
Отырыста сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Жизақ облысының хокимі Ру Эргаш Салиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Навои облысының хокимі Нормат Тұрсынов қатысты.
 
Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 19-шы отырысының хаттамасына қол қойылды.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -