БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесінің басшылығымен және тәуелсіз сарапшыларымен сарапшыларымен кездесулер өтті

7480
Фотосурет: АР

Женевадағы Қазақстан Республикасының БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ж.Айтжанова 6-13 қаңтар аралығында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының орынбасары Нада Әл-Нашифпен, сондай-ақ БҰҰ-ның Бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтар бостандығы құқықтары туралы Арнайы баяндамашысы Клемент Вулмен, БҰҰ-ның Терроризмге қарсы күрестегі адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын көтермелеу және қорғау жөніндегі Арнайы баяндамашысы Фионнуала Ни Аолаинмен және БҰҰ-ның Құқық қорғаушылардың жағдайы бойынша Арнайы баяндамашысы Мэри Лоулермен бөлек кездесулерді өткізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Кездесулерге қатысушылар 2022 жылдың қаңтар айының басындағы еліміздің түрлі өңірлеріндегі оқиғалардың барысы туралы хабардар етілді. Сондай-ақ, БҰҰ сарапшыларына болған оқиғалардың себептері мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі қалыпты тіршілікті қалпына келтіру бойынша мемлекет қабылдаған шаралар туралы ақпарат ұсынылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы өз Конституциясының, заңдарының және адам құқықтары саласындағы халықаралық міндеттемелерін ұстанатыны жөнінде ерекше атап өтілді.

БҰҰ сарапшылары ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтып, бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер мен қаза тапқандардың саны туралы, сондай-ақ барлық ұсталған адамдардың құқықтық көмекке жүгіну мүмкіндігі туралы деректерді алуға қызығушылық білдірді.

Тұрақты өкілдік қазіргі уақытта ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша арнайы комиссия оқиғалар барысында жасалған қылмыстар мен зорлық-зомбылық актілеріне тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан тергеудің нәтижелері дайын болуына қарай халықаралық қоғамдастыққа ұсынылатыны және ұсталған барлық адамдардың білікті заң көмегін алуға ықпал ететін конституциялық құқығына кепілдік берілетіні жөнінде атап өтілді.

Қорытындылай келе, тараптар қазақстандық тарап арнайы баяндамашыларға қажетті мәселелер бойынша ақпаратты тұрақты түрде ұсынып отыратындығы туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Тараптар сондай-ақ тікелей және сындарлы диалогты одан әрі жалғастыруға мүдделі екенін білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -