Баптау
Тіл
Тақырып
Жаңарту

АЭА-ға қызметтің қосымша түрлерімен айналысуға рұқсат берілді

717
Фото: Индустриялық даму комитеті

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2021 жылы республиканың бірқатар арнайы экономикалық аймақтары үшін қызмет түрлерінің тізбесін кеңейтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бұл сыртқы экономикалық байланыстарды жандандыру, экономиканы қолдау және өңірлердің әлеуметтік проблемаларын шешу, арнайы экономикалық аймақтардың (бұдан әрі – АЭА) жұмысына инвестициялар, технологиялар мен қазіргі заманғы менеджментті тарту үшін жасалды.

Өткен жылы "Ақтау теңіз порты" арнайы аймағының қызмет түрлері кеңейтілді. Енді аталған АЭА мынадай жобалармен айналыса алады: жылу электр станцияларымен электр энергиясын өндіру; электр энергиясын беру және тарату; тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы; қонақ үйлер және тұруға арналған орындар қызметтерін ұсыну; жеке немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға алу және басқару; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызметтер.

Қарқынды дамып келе жатқан аймақтардың бірі - "Сарыарқа" АЭА. Онда дайын металл бұйымдары мен құрылыс материалдары: шарлы крандар, жылу оқшаулағыш құбырлар, отқа төзімді материалдар, жезден жасалған бұйымдар, дірілге және отқа төзімді бұйымдар шығарылады.

Енді "Сарыарқа" АЭА-да істен шыққан көлік құралдарын, арнайы техника және ауыл шаруашылығы машиналарын, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарын жинап, өңдеп және қалдықтарды жойып, қалпына келтіре алады.

"Qyzyljar" АЭА қызмет түрлерінің толықтырылған тізбесіне ағаш массасы мен целлюлоза; қағаз және картон; гофрокартон; қағаз және картон ыдысы; шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаз бұйымдары; фармацевтикалық өнімдер мен препараттар; ветеринарияға арналған дәрілік препараттар өндірісі кірді.

Қызметтің басым түрлерінің тізбесі "TURKISTAN"АЭА-да да кеңейтілді. Объектілерге кешенді қызмет көрсету; аумақтарды абаттандыру қызметтері; жиһаз бен интерьер заттарын жөндеу; тамақпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету; электрондық және оптикалық жабдықтарды жөндеу; басқа топтамаларға енгізілмеген ақпараттық технологиялар мен жүйелер саласындағы өзге де қызмет түрлері қосылды.

Бұдан басқа, " Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі", "Ақтау теңіз порты", "Сарыарқа", "Тараз химиялық паркі" және "Павлодар" АЭА-да  қызмет түрлері "Көп бейінді аурухана құрылысы және пайдалануға беру" тармағымен толықтырылды.

Сонымен қатар, өткен жылы бірнеше АЭА аумағы ұлғайтылды. "Сарыарқа" АЭА ауданы жылу электр станциясын және ферроқорытпа мен кокс өндіретін зауыттар салу үшін 345,5 га-ға өсті. "Qyzyljar" АЭА-на қағаз және қағаз өнімдерін өндіретін зауыт салу үшін 15 га қосылды. "Астана - жаңа қала" АЭА 83,7 га-ға ұлғайып, оның аумағында теміржол машина жасау кластері құрылды. Кезінде жеңілдіктер құрылыс индустриясына қатысушыларды қызықтырып, қысқа мерзім ішінде көптеген тұрғын үйлер және әлеуметтік объектілер салынды. Елорданың сол жағалауында жаңа әкімшілік-іскерлік және мәдени орталық құрылды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 АЭА жұмыс істейді.

2002 жылдан бастап оларда 307 жоба іске асырылып, 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. АЭА-тың ерекше мәртебесінің арқасында кәсіпорындарда 30-дан астам жаңа өнім түрлері, оның ішінде оптикалық құрылғылар, түнде көру аспаптары, бронетранспортерлер, локомотивтер, жолаушылар вагондары, премиум-класты құбырлар, мақта целлюлозасы, полипропилен жіптер және т. б. шығару жолға қойылды.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Приложение DKNews для Android Приложение DKNews для iPhone
МИА «DKNews» © 2006 -