Медициналық зертханалар аитв - инфекциясын диагностикалауды қосымша лицензиясыз жүргізе алады

906
Фотосурет: АР

Адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ) зертханалық диагностика жүргізуге жеке рұқсат беру қажеттілігі түріндегі әкімшілік кедергі жойылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

2022 жылғы 3 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды, оған сәйкес «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңынан АИТВ инфекциясын диагностикалауға рұқсат беру туралы талап алынып тасталады.

АИТВ-инфекциясының болуына зерттеулер иммунологиялық зерттеулерге жатады және лицензияланады, тиісінше белгілі бір инфекцияға қосымша рұқсат берудің қажеттілігі жоқ.

Нарықтың жеке субъектілеріне АИТВ-инфекциясына зерттеулер жүргізуге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кедергілерді жою бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жұмысы жалғасуда.

АИТВ-диагностикасына жеке санитариялық қорытынды қажеттілігі туралы уәкілетті органның талабы бөлігінде мәселелер қалады.

Бұдан бұрын БҚДА хабарлағандай, жеке зертханалардың АИТВ-инфекциясын зерттеуге рұқсат беруін шектеу мәселесі кедергілер жөніндегі Кеңес отырыстарының бірінде көрсетілген болатын.

Бұл кедергілер 2010 жылы Денсаулық сақтау министрлігінің Заңға тәуелді актілерінен жеке зертханалардың АИТВ-инфекциясын зертханалық зерттеу жүргізуге қол жеткізуін көздейтін нормаларды алып тастаған кезде пайда болды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -