Қазақстан мен Пәкістан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

14190
Фотосурет: mfa

Пәкістан тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Пәкістан Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Макдум Шах Махмуд Курешимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екі елдің халықаралық алаңдардағы өзара іс-қимылының перспективаларын талқылады.

Министр М.Тілеуберді Ислам ынтымақтастығы ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына Пәкістанның алдағы төрағалық етуін Қазақстан толығымен қолдайтынын жеткізіп, аталған іс-шараға өзінің қатысатынын растады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -