Сенаторлар Қазақстан мен АҚШ арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді талқылады

598
Фотосурет: senate.parlam.kz

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау мәселелеріне қатысты заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Құжатқа сәйкес екі мемлекеттің Үкіметтері автоматты түрде ақпарат алмасу үшін тиімді инфрақұрылымды пайдалана отырып, салық салу мәселелерінде өзара жәрдем көрсететін болады. Онда сондай-ақ ақпаратты автоматты түрде алмасу бойынша міндеттемелерді орындау рәсімін белгілеуді, ынтымақтастық жөніндегі қағидалар мен рәсімдерді айқындау да көзделіп отыр.

Ұсынылып отырған ережелер Қазақстан үшін салықтарды жинау және әкімшілендіру бойынша қосымша құралға айналады, қазақстандық азаматтардың салық салудан жалтаруына жол бермеуіне және тиісінше мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады.

Заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -