Көкейдегі көп сауалға жауап алдық

8371

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «қасіретті қаңтар» оқиғасына қатысты қоғамды алаңдатқан бірқатар сұрақтарға жауап беру және алдағы жоспарланған реформаларға түсініктеме беру үшін «Хабар 24» телеарнасына кеңейтілген сұхбат берді. Қазақстандағы өзгерістерге әлем жұртының қызығушылығы артып тұрғаннан болар, сұхбат бастан-аяқ орыс тілінде жүргізілді.

Президент осыған дейін әлеуметтік-экономикалық сипаттағы талаптардың болғанын және мұндай жағдайды террористер мен содырлардың ошақтары тиімді пайдалана білгенін жеткізді. Құқық қорғау органдарының іс-қимыл жоспарының бірыңғай алгоритмі болмағандықтан, қарулы бандиттерге ескертусіз оқ ату керек екенін өз жауапкершілігіне алған.

Осы орайда, Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламыздың әкімі Бақытжан Сағынтаевты «ол қызметтік міндеттерін орындау тұрғысынан адал адам» деп, өз қызметінде қалдыруды, сонымен қатар Алматы шаһарының есімін өзгертпеуді жөн көрді.

Дастан АХМЕТЖАНОВ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -