ҚазҰУ ғалымының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

964

Алматыда көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Құлжабай Қасымовтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның ашылуы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.


Ескерткіш белгі ғалым отыз жылдан астам уақыт тұрған Әл-Фараби даңғылы бойындағы №63/17 үйдің қабырғасына орнатылды. 

Ашылу салтанатына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев, ғалымның туыстары, достары, әріптестері, шәкірттері, сондай-ақ қала әкімдігінің өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Құттықтау сөзінде Жансейіт Қансейітұлы Құлжабай Қасымовтың өз ісіне адал, математиканың дамуына үлкен үлес қосқан нағыз маман екенін атап өтті. «Құлжабай Әбдіқалықұлы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түлегі. Оның ғылымға деген құштарлығы университет қабырғасында байқалған. Студент кезінде матрицалық алгебраның сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің тиімді әдістерін жасауға байланысты ғылыми мәселелермен айналысты. Бұл зерттеулер кейін оның дипломдық жұмысының негізін қалады. Ғалым өз өмірінде математикадан ондаған еңбектер жазды, көптеген шәкірттерді тәрбиеледі», – деп атап өтті университет ректоры.

Құлжабай Қасымов дифференциалдық теңдеулер бойынша жетекші ғалымдардың бірі болды. Қайраткер тұлғаның қаламынан 200-ден астам ғылыми жұмыс, оның ішінде бес монография және қазақ тіліндегі «Жоғары математика» курсының үш томы шыққан. Ғалымның жетекшілігімен 52 кандидаттық және үш докторлық диссертация қорғалды. «Ыбырай Алтынсарин» медалімен, ағарту және педагогикалық ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Енді болашақ ұрпақ Құлжабай Қасымовтың республикадағы математика ғылымының дамуына қосқан үлесін есте ұстауы үшін ғалым есімі мемориалдық тақтада мәңгі сақталады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -