Қазақстанда жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бағытында жұмыс істейтін қызмет құрылады

8404
Фотосурет: СР

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен республикада синтетикалық есірткілердің жастар арасында таралуының алдын алуға бағытталған гранттық жоба іске асырыла бастады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жобаның негізгі мақсаты – есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланылуының алдын алу.

«Соңғы жылдары есірткінің таралуына қарсы күрес саласындағы жағдай өзгерді. Дәстүрлі есірткіні синтетикалық есірткі деп аталатын жаңа психотроптық заттар ауыстырды. Олар бағасының арзандығымен, айқын психотроптық әсерімен, тәуелділіктің жылдам қалыптасуымен ерекшеленеді»,-деді «Серғали-Түркістан» РҚБ төрайымы Шолпан Усманова жобаны таныстыру барысында.

Жоба аясында еліміздің Денсаулық сақтау, ішкі істер органдарының мамандары, психологтар, наркологиялық қызмет мамандары еліміздің орта, арнайы орта және жоғары оқу орындарында оқушылар мен студент жастар арасында синтетикалық есірткіні қолданудың қауіптілігі мен олардың салдарын түсіндіру іс-шараларын өткізеді.

Сондай-ақ, жоба аясында қазақстандықтар қоңырау шалып, есірткіні пайдалану немесе өткізу фактілері туралы хабарлай алатын қызметті құру көзделген.

«Мамыр айының басында біз анонимді өтінімдерді қабылдайтын қызметті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Өтінімдерді екі арна арқылы қабылдайтын боламыз. Бұл: Telegram-дағы чат-бот және WhatsApp-тобы. Барлық өтінімдерді құрамында құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар әрекет ету тобы пысықтайтын болады. Сондай-ақ, аталмыш арналарда заңгерлер мен психологтардың онлайн - консультациялары қолжетімді болады», - деді Шолпан Усманова.

Сонымен қатар, жоба аясында жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған шағын гранттар конкурсы, есірткінің денсаулыққа зиянын, құқықтық салдарын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі өңірлік штабтардың өкілдері үшін арнайы тренингтер өткізілетін болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -