Талдықорғанда әскерилерді құттықтады

5412

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай және Отан қорғаушылар күні қарсаңында облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов Талдықорған қаласында орналасқан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфиловтың есімі берілген № 18404 әскери бөліміне барды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Лаззат Турлашов

- Мамырдың алғашқы күндерінде өзара мазмұндас екі бірдей мерекені - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін қатар атап өтеміз. Осы мерекелермен сіздер қызмет етіп жүрген әскери бөлімнің құрылған уақыты тұспа-тұс келіп отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде №18404 әскери бөлімнің жеке құрамы жауынгерлік дәстүрді лайықты жалғастырып, ел тыныштығы күзетінде міндеттерін мінсіз орындады. Бүгінгі күні де сіздер өздеріңізге жүктелген жауапкершілікті абыроймен атқарып келесіздер. Темірдей тәртіппен кәсіби дайындықтарыңызды жетілдіріп, ұрпақтың әскери-патриоттық тәрбиесіне зор үлес қосып отырсыздар. Тәуелсіз еліміздің тұтастығын қамтамасыз етудегі және Отан алдындағы борыштарыңызды адал атқарып жүрген еселі еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтамын. Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! – деді Л.Тұрлашов.

Талдықорған гарнизонының бастығы, подолковник Алмас Төлегенов те әріптестеріне құттықтау тілегін білдірді. Мұнан соң ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары берілді. Тағы бірқатарына кезекті әскери шендер тапсырылды.
Жиында қару-жарақ пен техниканың үлгілері, блок-посттардың жұмысы, әскери жаттығу түрлері көрсетілді. Сарбаздар өздерінің жауынгерлік дайындығын паш етті.

Демонстрация навыков

Демонстрация образцов вооружения

Әскери бөлімге ашық есік күні аясында "Айналайын" балалар үйінің тәрбиеленушілері, қаладағы колледждердің студенттері де барды. Олар әскери қызметкерлердің бөлімнің тарихы туралы әңгімелерін тыңдап, атыс қаруларының тактикалық-техникалық мәліметтерімен танысты. Сарбаздар асханасында болды. Жалпы әскери қызметтің ерекшеліктері мен олардың мәртебесі жайлы кеңірек біліп қайтты.

Атап өтерлігі, №18404 әскери бөлімінің тарихы 1968 жылдың 5 мамырынан басталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -