Ұлыбритания Елшілігі өкілдерімен кездесу өтті

866

Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігінің Сауда департаментінің өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Британ университеттері мен ҚазҰУ арасындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен іс-шараларға қатысу, сондай-ақ тәжірибе алмасу және академиялық ұтқырлықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Тараптар әріптестікті дамытудағы алдағы қадамдар үшін басым мамандықтар мен ғылыми салалардың картасын әзірлеуге келісті. Келіссөздер барысында академиялық мәселелер жөніндегі проректор Фатима Жақыпова ҚазҰУ-дың шетелдік жоғары оқу орындарымен ғылыми-білім беру саласындағы тәжірибесі туралы баяндап берді.

Бүгінгі күні жетекші жоғары оқу орындарымен, институттармен ынтымақтастық туралы 400-ден астам халықаралық келісімге қол қойылған. Осы келісімдер аясында түрлі оқу-білім беру бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жобалар Ұлыбританияның жоғары оқу орындарымен де табысты жүзеге асырылуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -