Ақмола облысының құтқарушылары 500-ден астам баланы жүзуге үйретті

382

Облыстың су айдындарында балалар өлімінің алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 29 наурызынан бастап Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, жүзу бойынша нұсқаушылармен бірлесіп облыс бассейндерінде балаларды жүзуге үйрету бойынша сабақтар өткізеді. Екі ай бойы 628 бала білім алды, сабақтар тегін негізде өткізіледі, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Балаларды «Триатлон» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, Көкшетау қаласының «Бодрость» емдеу-сауықтыру кешенінде, Зеренді ауданының «Жігер» білім беру бөлімінің жанындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, Щучинск қаласының «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында және Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында және Атбасар қ. «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде» үйретеді.

«Жаппай демалыс орындарындағы адамдармен болған жазатайым оқиғалардың статистикасы суда адамдардың қаза болуымен байланысты жазатайым оқиғалардың негізгі санын балалар құрайтынын көрсетеді. Өкінішке орай, Ақмола облысы бойынша статистика көңіл көншітпейді. Жазатайым оқиғалардың көпшілігі шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады. Судағы жазатайым оқиғалардың тағы бір негізгі себебі: судағы жүріс-тұрыс ережелерін білмеу және сақтық шараларын сақтамау, сондай-ақ ата-аналардың да, балалардың да жүзе алмауы болып табылады. Осыған байланысты құтқарушылар балаларды жүзуге үйрету бойынша сабақтарды ақысыз негізде жүргізеді, тілек білдірген балаларға жылдың суық мезгілінде бассейндерде, ал жазғы уақытта сабақтар құтқару станциясының жанындағы Қопа көлінде өткізіледі», – деп хабарлады ЖҚЖ бастығының орынбасары Серік Тумурзин.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -