СҚО-да кірпіш зауыты іске қосылды

455

«Облыста жаңа кірпіш зауыты іске қосылды. Бұл маңызды инвестжоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асты. Инвесторға 800 млн теңге көлемінде 4 % жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ шетелдік қондырғыларды әкелуге баж салығынан босатылып, 5 жылға тегін жер телімі берілді», - деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында, деп хабарлайды Деловой Қазақстан

Кірпіш зауытына 1,8 млрд теңге инвестиция тартылды. 80 тұрақты жұмыс орны ашылды. Кәсіпорын жыл сайын 40 миллион дана кірпіш өндіріп, облыс қажеттілігінің 30 % қамтамасыз етпек.

«Біздің міндет - жергілікті құрылыс компанияларын өзіміздің өніммен қамтамасыз ету. Алдағы 2-3 айда өңірде құрылыс материалдарын шығаратын бірнеше кәсіпорын іске қосылады», - деді өңір басшысы.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -