Қазақстан Президенті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысты

753

Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапарының бағдарламасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысуымен аяқталды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көрсете жүріп, оқу ордасының білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтты.

Университетті аралап көру барысында президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамымен және ҚазҰУ-дің  қырғызстандық түлектерімен әңгімелесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңбасын қалдырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -