Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

565
Фотосурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнын Әл-Фараби мұражайын аралап көруден бастады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Президентке ұлы ойшылдың өмірі мен қызметіне арналған экспонаттар, сондай-ақ сирек қолжазба кітаптары таныстырылды.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа университеттің ғылыми жетістіктері мен инновациялық әзірлемелерінің көрмесі көрсетілді. Ғалымдар мен студенттер Мемлекет басшысына нейроғылым, денсаулық сақтау, туризм, агрохимия, құрылыс технологиясы, жасанды интеллект және биотехнология салаларындағы өздерінің ғылыми-инновациялық жобаларының мүмкіндіктері туралы айтты.

Сонымен қатар Президентке университеттің инфрақұрылымын кеңейту жоспары жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоспарланған құрылыс нысандарының жобасы және жаңғыртылған оқу корпустары, жатақханалар мен қызметтік тұрғын үй таныстырылды.

Университетті аралап көру барысында Мемлекет басшысына ресейлік «МИФИ» ұлттық ядролық зерттеу университетінің презентациясы көрсетілді. «МИФИ» ректоры Владимир Шевченко Президентке жоғары оқу орнының ғылыми жұмыстары мен білім беру ісін таныстырды. Жуырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ядролық энергетика, фармацевтика, медицина және экономика саласы бойынша мамандар даярлайтын «МИФИ» филиалын ашу жөніндегі келісімге қол қойылды.

Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев жас оқытушылармен, ғалымдармен және студенттермен, соның ішінде  шетелдіктермен әңгімелесті.

Студенттер жастарға ерекше көңіл бөлетіні үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, еліміздегі ауқымды реформаларды қолдайтынын жеткізді.


Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -