Бақытжан Темірболат: Жаңа Қазақстанды бірге құрайық

791

2022 жылдың 5 маусымы – елінің тағдыры мен болашағын ойлайтын әрбір қазақстандық үшін маңызды күн.

Бұл күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының ата заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

Демократиялық құндылықтарға ұстанымы адал конституциялық реформа түбегейлі саяси өзгерістерді енгізбек.

Атап айтқанда, инновациялар билікті одан әрі орталықсыздандырып, абыройлы Парламенті мен тиімді мемлекеттік аппараты, мықты азаматтық қоғамы бар екінші республикаға айналдыруға бағытталған. Осы орайда басты мақсат ретінде елдің қарапайым азаматына, оның мүддесі мен қажеттілігіне бет бұру, азаматтар мен азаматтық қоғамды мемлекетті басқару процесіне тарту көзделген. Яғни, адам басқару объектісі емес, субъектісі болып, билік органдарымен белсенді және тең серіктестік құруы тиіс.

Конституциялық реформаның аясында Негізгі заңның 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған. Демек, түзетулер құжаттың үштен бір бөлігін қамтып, 2,5 мыңға жуық заңды қамтымақ. Бұл дерек алдағы реформалардың ауқымын толықтай айғақтайды.

Бұған қайта құрудың мазмұны мен сипатына қатысты қоғамда өрбіген пікірталас та дәлел. Қазір сан алуан, тіпті бір-біріне қарама-қайшы пікірлер де айтылып жатыр. Бір азаматтар реформаларды жеткіліксіз санаса, басқа біреулер оларды аз-аздап жүргізудің қажеттігін алға тартады. Ақиқатты әдеттегідей өзектен іздеуіміз керек. Бірақ реформалардың әбден жетіліп-піскені анық. Референдум нәтижесінде реформалар қолдау тапса, оларды жүзеге асыру үлкен, жауапты істі талап ететін болады.

Президент жүйелі демократиялық реформаларды ұсыну арқылы шешуші қадам жасады. Өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгерту үшін ендігі қадамды азаматтық қоғам, яғни сіз бен біз жасауымыз тиіс. Ал бұл бағыттағы алғашқы қадамымыз - референдумға қатысу болмақ.

Олай болса, жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -