Сандық бизнес: WIFI DX әйелдерге жаңа мүмкіндіктер береді

1562
Фотосурет: Gov

Алматыда үш күнге созылған "Women ICT Frontier Initiative (WIFI) DX" оқыту тренингі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Азия-Тынық мұхиты өңірінің АКТ бойынша оқу орталығы (APCICT), Women in Tech Kazakhstan, She Business Community, Women in Business қауымдастықтары және Банк ЦентрКредиттің Business Aru бағдарламасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Бағдарлама әйел-кәсіпкерлерді өз бизнесіне технологияларды, автоматтандыруды және басқа да цифрлық үдерістерді енгізу үшін қажетті цифрлық дағдыларға үйретеді. Бұл мақсатта Алматыға БҰҰ өкілдері мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан APCICT тренерлері келді.

Іс-шараға өз ісін цифрлық трансформациялауды жоспарлап жүрген кәсіпкер әйелдерден 50-ге жуық өтінім түсті. Қатысушылар электрондық коммерция, цифрлық маркетинг және деректерді талдау бойынша білім алды. Олардың көпшілігі тренер сертификаттарын алып, алған білімдерін басқаларға тегін түрде тарата алады. Осылайша бағдарлама Қазақстан бойынша кеңінен таралып, жылына бірнеше мың кәсіпкер әйелді қамтиды деп күтілуде.

Бағдарлама Банк ЦентрКредиттің қолдауымен орыс және қазақ тілдеріне аударылып, бейімделетін болады. Оқу барлық қатысушылар үшін тегін өткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -