Мұхтар Құл-Мұхаммед Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасымен кездесті

1224

Қазақстан Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Беларусь Ұлттық Жиналысы Республика Кеңесінің Халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Сергей Рачковпен кездесті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әңгіме барысында конституциялық реформаны жүзеге асыруды және еліміздің саяси жүйесін трансформациялауды көздеп отырған республикалық референдум туралы айтты. Ол бұл үдерістер суперпрезиденттік түрдегі үлгіден күшті Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшуді, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дәйекті дамуын қамтамасыз ету үшін өзге де өскелең тетіктерді енгізуді білдіретінін атап өтті.

Тараптар сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың келешегін егжей-тегжейлі талқылады.

«Қазақстан мен Беларусь Президенттерінің саяси ерік-жігерінің арқасында екіжақты қарым-қатынастар мүдделер мен прагматизмді өзара құрметтеу рухында қарқынды және серпінді арнада дамып келеді. Оның үстіне, біздің елдеріміздің арасында, әсіресе, экономика саласында үйлесім тапқан көптеген тұстары бар», - деп атап өтті сенатор.

Тұрақты комиссияның төрағасы Сергей Рачков өз кезегінде Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформаларды жоғары бағалады. Ол сондай-ақ парламентаралық ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай тәсіл экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да байланыстарды нығайтуға оң әсер ететінін атап өтті. Беларусь парламентшісі сонымен қатар екі мемлекет парламенттері палаталарының салалық комитеттері арасындағы байланыстарды өрістету идеясына қолдау білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -