Көкшетау қаласында тегін жеке жағажай ашылды

1188

Кеше, 16 маусым күні Көкшетау қаласы Қопа көлінің жағасындағы жаңа жағалау маңында жеке жағажайдың салтанатты ашылуы өтті, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым бастаған облыстың құтқарушылары қатысты. Ол қала тұрғындары үшін осы жеке жағажайдың ашылуының маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық құтқарушыларға судағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сәттілік тіледі және оларға құтқару ісінде оқудан өткені туралы сертификаттарды, сондай-ақ су қоймасының түбін тексеру туралы актіні табыс етті.

«Судың тазалығы туралы барлық әңгімелерге қарамастан, біз жүздеген азаматтардың күн сайын ыстықта шомылуға келетінін көреміз. Тиісінше, ықтимал тәуекелдер әрқашан болады және біз жауап беруге мәжбүрміз. Биылғы жылы «Бақтан Батырхан» ЖК тазалықты, абаттандыруды және судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Есенкелді Батырханның жағажайға кіруді тегін қылғаны өте жағымды факт, менің ойымша, бұл мақтауға тұрарлық жайт», деп атап өтті Қайрат Қасым.

Ақмола облысының ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді және бірінші кезекте:

  • алкогольдік және есірткілік мас күйінде суға кіруге және шомылуға;
  • қайықтардан, катерлерден, сондай-ақ, осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;
  • жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге;
  • жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  • техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге;
  • балалардың суға ересектердің қарауынсыз кіруіне тыйым салынады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -