Министрлікте сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар туралы айтылды

10714

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және алдын алу, комплаенс-қызметтерді құру, комплаенс-офицерлерді енгізу. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен өткен «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбындағы семинар барысында айтылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес- бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, жан-жақты мониторинг жүргізуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды көздейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелеріне сай оларды жоюға арналған іс- шаралар қабылдайды», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.  

Қазіргі кезде министрлікте 78 бағынысты ұйым бар, олардың 59-ы квазимемлекеттік секторға жатады.

Мекемелердің әрқайсысында комплаенс қызметтері бар немесе комплаенс офицерлерінің лауазымдары құрылған.

Бұл ұйымдар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға арналған жұмысты үйлестіреді. Мұндай қызметтер министрліктің республикалық мемлекеттік мекемелерінде де құрылады.

«Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ведомствоішілік нақты құрылған жүйесіне тікелей байланысты. Осыған сай, аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен бүгінгі кездесу өткізіліп отыр», - деп түйіндеді министр.

Өз кезегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері жүргізілген мониторинг нәтижелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың, оның ішінде квазимемлекеттік сектордағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы айтып берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -