Қазақстан мен Венесуэла жоғары деңгейдегі диалогты жандандыруда

1430
Фотосурет: Gov

Астанада Қазақстан мен Венесуэла арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Венесуэла Боливариан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Росальба Ло Буэ Антикомен кездесу өткізді.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Венесуэла арасындағы саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Каракас арасындағы екіжақты және көпжақты қатынастарды одан әрі дамытуға өзара дайындықтарын білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -