Тимур Шаймергенов: Референдум алдағы саяси өзгерістердің уақытылы өткізіліп жатқанын, олардың қажеттігі мен маңыздығын айқындай түсті

512

Осы айдың басында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өткен жалпыхалықтық референдум тұсында бәріміз еліміздегі тарихи оқиғаның куәгері, әрі тікелей қатысушысы болдық.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға 8 миллионға жуық адам қатысқан. Бұл – дауыс беру құқығы бар жалпы халықтың 70 пайызға жуық көрсеткіші.

Дауыс беруге қатысқан азаматтар саны мен олардың қолдауға берген дауыс пайызының жоғары болуы қоғамымыздың санасы ашық, зердесі кемел екенін көрсетіп, ұлт өкілдерінің өзгерістерге де, оларды белсенді жүзеге асыруға да дайын екенін аңғартты.

Бұл көрсеткіштер сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген Қазақстанның даму бағытына деген қазақстандықтардың қолдауын, бұл бағыттың қоғам мүддесі мен қажеттілігіне толық сәйкес келетініне деген жерлестеріміздің кәміл сенімін білдіреді.

Референдум алдағы саяси өзгерістердің уақытылы өткізіліп жатқанын, олардың қажеттігі мен маңыздығын айқындай түсті. Дегенмен, бұл жағдайдың тек бастама екенін естен шығармай, жаһандық демократиялық түрленудің күрделі жолын кешуіміз керегін ұмытпаған жөн.

Отандық заңнаманы жаңартылған Конституциямен сәйкестендіру арқылы республика күшті Парламенті бар президенттік басқару нысанына көшіп, саяси институттар тиімді жұмыс үлгісін құрады, билік тармақтары арасындағы тыйылу мен теңдіктің жүйесі нығайып, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғау арттады, қазақстандықтардың шешім қабылдау процесіне қатысуы кеңейеді.

Мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың мазмұны да өзгереді. Бұдан былай өз елінің саналы, жауапты азаматтарына билікпен тең дәрежеде сұхбат жүргізуге бар жағдайлар жасалмақ.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың қасына топтасып, Жаңа Қазақстанның гүлденуіне бар күш-жігерімізді салайық!

Тимур Шаймергенов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы Директорының Орынбасары

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -