Атырауда эко-білім жөніндегі жаттықтырушыларға арналған оқу құралы шығарылады

13981

Әдістемелік құрал өңірде жүзеге асырылып жатқан «EcoBatys» экологиялық бастамасының аясында әзірленді, деп хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Атырау облысында 6 эко-жоба жүзеге асырылуда, олардың бірі –«EcoVision» жобасы.

«Таң» қолдау және дамыту қорының өкілдері үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешуге тартылған азаматтардың санын арттыру әлеуметтік жобаның басты мақсаты екендігін айтады.

Эко-жоба аясында 25 ерікті жаттықтырушы дайындықтан өтеді деп күтілуде. Олар болашақта экологиялық тақырыптарда өзгелерді оқытатын болады.

Сондай-ақ, жоба ұйымдастырушылары «EcoBatys» бастмасы аясында әдістемелік құралды әзірледі. Оқу құралының авторлары: география ғылымдарының кандидаты Светлана Могилюк, Жайық-Каспий Орхус орталығының үйлестірушісі Шынар Ізтілеуова.

Нұсқаулықта халықтың күнделікті өмірде суды ұтымды пайдалану тәсілдері, қалдықтар санын азайту және қоқысты бөлек жинауға қатысты іс-шаралар туралы өзекті ақпарат жиналады.

Оқу құралын әзірлеудің басты мақсаты – ҮЕҰ, еріктілер мен жастарды оқытатын эко- жаттықтырушыларды даярлауды қамтамасыз ету.

«Біздің өңірде іске асырылып жатқан әлеуметтік жоба үлкен маңызға ие. Өйткені ол халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, қоршаған орта проблемаларымен айналысатын ҮЕҰ - ны дамытуға ықпал етеді», - дейді «Таң» қорының жетекшісі Жансая Нақымжанова.

«EcoVision» жобасы «Шелл Қазақстан» компаниясының және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен «EcoBatys» бастамасы шеңберінде жүзеге асырылып келеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -