Қонаевта турникке тартылудан «TARTYL FEST» республикалық спорт фестивалі өтті

17369

Қапшағай су қоймасындағы "Жағажай" спорт алаңында Алматы облысының үздік атлеттері жиналды. Қонаев қаласы осы айтулы жарысты өткізіп отырған еліміздегі алғашқы қала болғанына қарамастан турнирге қатысуға 180 атлет өтінім берген, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Street workout бойынша осы туринирді қабылдап алу - біз үшін үлкен мәртебе. Бұқаралық спортты дамыту – Мемлекет басшысының алдымызға қойып отырған міндеттерінің бірі. Осыдан бір апта бұрын Oceanman жаппай жүзу жарысын да өткізген едік. Жаңа мәртебесіне сай Қонаев қаласының спорттық инфрақұрылымын одан әрі дамытатын боламыз. Осы турнирді өткізу балалар мен жастардың белсенді әрі саламатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыруға оң ықпал етеді. Күні кеше ғана - 9 шілдеде біз Қонаев қаласының құрылғанына 52 жыл толғанын атап өттік. Жалпыреспубликалық турнирдің дәл біздің қалада басталуының өзінде символдық мән бар», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жарыстың ашылу салтанатында.  

Өз кезегінде осы турнирді өткізу жөніндегі идеяның авторы, ПТРК-тың креатив директоры Нұрлан Қоянбаев барлық қатысушыларды құттықтап, турнирдің күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд финалына жетулеріне тілектестігін білдірді.

Жарыстың қатысушылары мен көрермендері үшін жоба амбассадоры, жаттықтырушы, актер Айтым Жақыпов өз тобымен бірге шеберлік сағатын өткізді. Атап өтсек, атлет street workout бойынша Қазақстанда және әлем бойынша бірнеше дүркін рекорд жасаушы, Еуропаның street lifting бойынша рекордшысы, Қазақстандағы спорттық жаңа көше қозғалысының негізін салушылардың бірі.

В Конаеве состоялся первый республиканский спортивный фестиваль «TARTYL FEST» по подтягиванию на турнике.

Қатысушылар салмағы мен жасына қарай тоғыз категория бойынша бақ сынасты. Жеңімпаз үштікке 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар берілді.

Бұдан бөлек, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ең ересек қатысушыға, яғни 76 жастағы ардагер Бұлар Мейіржановқа арнайы сыйлық тағайындап, оның спорттағы бұл қадамының өзгелерде үлгі боларлық іс екенін атап өтті. Сол сияқты он үш жасар Әмірхан Әнуарбеков ең жас қатысушы номинациясының жеңімпазы атанды. Жалғыз әйел қатысушы Жібек Құлымбетованың да талпынысы ескерусіз қалған жоқ.

Көрермен көзайымы аталымында Қарасай аудандық ПБ патрульдік қызметінің инспекторы, аға лейтенант Алхазур Дадаев үздік деп танылды. 38 жасар құқық қорғаушы турнирде полиция формасын киіп қатысқанын да атап өту керек. 

Шара қазақстандық эстрада өнері иелерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -