Шымкент қаласында Қажымұқан атындағы орталық стадионда жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спортынан ХІІ жазғы республикалық чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.
Жарыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, республикалық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының атқарушы директоры Дәурен Данаев, Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Битанов және департамент бастығының міндетін атқарушы полковник Жәнібек Кәрімбаев қатысты.
Республика чемпиондары кубогы үшін облыстар мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларынан және Абылайхан атындағы Қызылорда колледжінен 17 команда бақ сынауға келді. Шымкент командасын республикалық деңгейде көптеген жетістіктерге қол жеткізген жасөспірімдер құрайды.
"Біз үшін - республикалық жарыстарды өткізу және республиканың түрлі облыстарынан келген қонақтар мен қатысушыларға үшінші мегаполдистің сұлулығын, мәдениеті мен қонақжайлығын көрсету үлкен құрмет және жауапкершілік", - деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.
Естеріңізге сала кетейік, 13-16 шілде аралығында мамандандырылған жасақ пен Орталық стадион аумағында оқу мұнарасының 2 және 3 қабатындағы терезеге шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, 4х100м өрт эстафетасы және жауынгерлік қанат жаю түрлері бойынша жарыстар өткізіледі.