ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің "Салық төлеуші кабинеті" ресми веб-қосымшасы https://cabinet.salyk.kz / сілтемесі бойынша қолжетімді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "KZ" доменінде тіркелген.
https://cabinet-salyk.kz.ru веб-сайты "RU" доменінде тіркелген және Қазақстан Республикасына тиесілі емес. Қазақстан аумағында https://cabinet-salyk.kz.ru веб-сайтын бұғаттау туралы мәселе Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдарымен пысықталуда.
Баяндалғанның негізінде, ҚР ҚМ МКК "Салық төлеушінің кабинеті" ресми веб-қосымшасын пайдалануыңызды сұраймыз. "Салық төлеушінің кабинетіне" сілтеме www.kgd.gov.kz ҚР ҚМ МКК ресми сайтында да қолжетімді.