Алматыда Абай күні қалай атап өтіледі

1276

Абай күнін мерекелеу сағат 10.00-де Абай алаңындағы ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталады, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Осыдан соң сағат 11.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері метроға түсіп, ұлы ақынның шығармаларын музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды.

Осылармен қатар, сағат 11.00-де Алматы музейінде уақытша экспозиция басталады – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы қорынынан экспонаттар қойылады.

Сағат 17.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Күн артынан күн туар» театрландырылған концерт өтеді: хор мен оркестрлік топ «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Татьянаның әні», «Қараңғы түнде тау қалғып» және басқа да көптеген әндерді орындайды. Сахна аясында ақынның туған жеріне барған сапарлардан бейнематериалдар және музейлерден мұрағаттық материалдар көрсетілетін болады.

Бағдарлама:

Өтетін күні: 2022 жылдың 10 тамызы

10.00 – ескерткішке гүл қою,

Абай алаңы, Абай-Достық даңғылы.

10.30 - метро бойынша әртістердің шеруі,

«Абай» метро станциясында басталады.

11.00 - Алматы музейіндегі экспозиция, Қабанбай батыр көшесі, 132,

Аккредиттелу үшін: Ләззат Сағындықова, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК директоры, +7 705 130 3909

17.00 – «Күн артынан күн туар» концерті,

«Алатау» дәстүрлі өнер театры Нұркент, 6 шағын ауданы.

Кіру: тегін;

Ұзақтығы: 1 сағат.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -