Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша эпизотиялық жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар қабылдауда

1258
Фотосурет: Lino Mirgeler/dpa/Global Look Press

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі вакцинациясыз 1,2,3,4 бос аймақты (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан), сондай-ақ 5-аймақты (Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарының бөліктері) вакциналарды қолдана отырып, аусылдан қолайлы аймақтарға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Биылғы жылдың 3 маусымында ҚР ветеринария саласындағы уәкілетті органы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) вакцинациясыз қолайлы аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды вакцинациялау туралы хабарлама жіберді.

Аусылдың республиканың барлық аумағына таралуына жол бермеу мақсатында сезімтал жануарларға вакцинация жүргізілді. Ағымдағы жылы барлығы 22,2 млн. бас малға екпе жасалды (оның ішінде: 10,3 млн.бас ІҚМ, 11,3 бас ҰММ, 0,6 млн. шошқа).

Аталған шара Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуі мен соның нәтижесінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы РФ-дан импортталатын және экспортталатын ветеринариялық бақылауға жататын тауарлардың логистикасынының өзрегуін ескере отырып,  аусыл бойынша эпизоотологиялық салауаттылықты сақтауға бағытталған. Сондай-ақ қабылданып жатқан шаралар экспорттық әлеуетті жоғалту тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Министрлік ағымдағы жылдың қыркүйек айында ДЖДҰ-ға 2023 жылғы мамырда вакцинациясыз қолайлы аймақтарда вакцинацияның басталуына байланысты тоқтатылған мәртебені қалпына келтіру қажеттілігі туралы құжатты (вакцинациясы бар қолайлы аймақтар) қайта тіркеуге жіберетін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -