Магистратура бойынша мемлекеттік білім гранты иегерлерінің есімдері белгілі болды

13431
Фотосурет: АР

2022-2023 оқу жылына арналған магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері болды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде берілді. Айта кетейік, өткен жылмен салыстырғанда оқуға түсушілер саны 7 мыңға артып, тестілеуге 43 мыңнан астам адам қатысты. 

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, биыл магистратураға 13 мың грант бөлінді.

«Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» және «Бизнес, басқару және құқық» бағыттары сұранысқа ие болды.
Барлық грант иегерлері 28 тамызға дейін жоо-ға құжаттарын тапсыруы тиіс.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін ҚР ҒЖБ  Telegram арнасынан қарауға болады. ​​​​​​​

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -