Жаңаөзен қаласында Ұлттық ұландық жауынгерлер өрт шалған сауда үйіндегі ғимараттан әйел адамды құтқарды

8635

Жаңаөзенде қаласындағы 5548 әскери бөлімінің тәртіп сақшылары көшелерді патрульдеу кезінде қалада орналасқан  сауда үйлерінің бірінде пайда болған өртті сөндіруге көмектесіп, әйел адамды өрттен құтқарды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Оқиға, 2022 жылдың 9 қыркүйегінде түнгі  сағат тілі 23:40 шамасында  орын алған.Сол күні Ұлттық ұланның Жаңаөзен қаласында орналасқан 5548 әскери бөлімінің жауынгерлері күнделікті өздерінің жауынгерлік қызметтерін атқарды. Әскери жасақ бастығы қатардағы Жамбыл Жақсылықов өзіне берілген аймақта, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету барысында, «Алтын дән» сауда үйінің жанып жатқанын байқап қалып, әскери жасақ кезекшісі капитан Бек Байбосыновқа баяндайды.

Осы сәтте әскери жасақ кезекшісі  Бек жылдап шешім қабылдап, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген, әскери топ бастығы аға сержант Дамир Күнболатовқа болған оқиғамен хабардар етіп, оқиға орнына тез жетуге бұйрық береді де, өзіде көмекке төтенше жағдай орнына асығады.

Оқиға орнына келіп өрт сөндіруші қызметкерлері келгенге дейін, әскери жасақтар күшімен «Алтын дән» сауда үйін қоршауға алып, сауда үйінің ішіне кіріп,ғимараттың ішіне іздестіру жұмыстарын жүргізіп нәтижесінде «Алтың дән» сауда үйінің  басшысы 45 жастағы  әйелді қауіпсіз жерге алып шығып, өрт сөндіруге көмектеседі.    

- Біз Ұлттық ұлан әскери қызметшілері, қандай жағдай болмасын халыққа көмек көрсетуге әрқашанда дайынбыз.Әскери қызметші болғандықтан. Әскерилердің міндеті-бейбіт азаматтарды қорғау. Бұл біздің басты парызымыз деп білемін. Орын алған төтенше жағдайды ести сала  ұзақ ойланбастан, жақын аймақта орналасқан әскери жасақтарды жинап, өртті сөндірумен, бейбіт азаматтарға көмектесуге асықтық. Бұл біздің жасаған ерлігіміз емес күнделікті қызыметіміз деп білемін,  - деді капитан Байбосынов Бек Токсейтұлы.

Қазіргі таңда төтенше жағдай қызметкерлері өрттің шығу себептерін анықтауда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -