«Қазақ тұлпары» сәйгүліктері Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйгеде топ жарды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Қостанай облысының Қамысты ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған ат жарысы өтті. Жарысқа қатысқан «Қазақ тұлпары» ЖШС-нің екі қостанай тұқымды айғыры 3 және 8 шақырым қашықтықтарда 3-ші және 1-ші орындарды иеленді.
Бәйгеге көршілес облыстардан келген асыл тұқымды сәйгүліктер де қатысты. Маусым басындағы жүлделі орындар ат зауытының оқу-жаттығу бөліміндегі жүйелі дайындықтың нәтижесі екенін көрсетеді.
«Ұзақ қашықтықтағы жеңіс – болашақта біздің басты ерекшелігіміз болмақ. Біз қысқа қашықтықта ағылшын немесе араб тұқымды жылқылардан асып түсуді мақсат етпейміз. Біздің міндетіміз – қостанай тұқымды жылқылардың конституциясын (генетикасын) аламан бәйге мен түркі халықтарының ұлттық спорт түрлеріне бейімдеп нығайту, олардың сыртқы келбетін сақтай отырып дамыту» «Қазақ тұлпары» ЖШС Басқарма төрағасы Самат Қалиев
Айта кетейік, ҰАҒББО ғалымдары қостанай тұқымды жылқыларды көбейту және дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.