Талдықорғанда Халық Қаһарманы балалар үйіне барды

1564

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ақпараттық – насихаттық тобы өз жұмысын Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында жалғастыруда. Аталған шара аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары «Халық Қаһарманы» полковник Қайрат Үмбетов бастаған топ Талдықорған қаласындағы Сарқан балалар үйіне барып, тәрбиеленуші балалрмен жүздесіп қайтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Сарқан балалар үйінде Ұлттық ұланның бас тәрбиешісі балалардың ұйымдастыруымен өткен салтанатты концертті тамашалады. Балалар үйінің жас өнерпаздары әр түрлі жанрдағы әндерді орындады. Соның ішінде патриоттық тақырыптағы әндердер жас таланттардың орындауында шырқалды. Айтып өту керек, мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері үздік жетістіктерге қол жеткізуде. Өнер саласы да қалыс қалған емес. Мысалы «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған «Қазақстан менің – алтын бесігім» Республикалық балалар фестивалінде «Пана» театыры үздік атаныпты.

Поковник Қайрат Үмбетов концерттен кейін, сахнаға көтеріліп болашақ Отан қорғаушыларға өзінің ізгі тілектерін білдірді. Ұлттық ұлан әскері халқымыздың тынышытығы мен балалардың бейқам ұйқысын күзетінін жеткізді. Сахнадағы бүлдіршіндер «Халық Қаһарманына» жақындап, амандасты. Арасында полковник Қайрат Үмбетов секілді өз өмірлерін Отан қорғау саласымен байланыстырып, ел батыры атанғысы келетідер де болды.

- Бүгінгі оқиға балалар үшін өте маңызды болды. «Халық Қаһарманы» полковник Қайрат Үмбтов біздің балалар үйімізге арнайы келіп, концерттік бағарламамызды тамашалады. Балар сахнада бар өнерін салды. Ең бастысы балаларымыз әскери адам болу үлкен абырой екенін білді. Қайрат Жарылқасынұлының ерлігімен танысты, емін-жарқын әңгімелесті. Біздің 400-ден аса түлегіміз осы мектеп интернатты аяқтады. Олардың арасында да әскерилер бар. Осыдан кейін Отан қорғаушы боламын дейтіндердің саны артады деп сенемін,-дейді балалар үйінің директоры Жадыра Иркимбаева.

Шара соңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары «Халық Қаһарманы» полковник Қайрат Үмбетов балалрға болашақ өмірлерінде сәттілік тілеп, бағалы сыйлықтар мен марапаттарды табыстады. Балаларға арналған сыйлықтар және кондиторлық өнімдер мен тәттілерді таратты.

Айтып өту керек, Сарқан балалар үйі 1996 жылы Талдықорған қаласына көшірілген. 100 орынға есептелген 7 топ жұмыс жасайды. Ескелді ауданында 100 орынға есептелген балалардың жазғы демалыс-сауықтыру лагері бар. Бүгінгі таңда жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 75 бала тәрбиеленуде. Мектеп – интернаттың тәрбиеленушілері облыстық және ауданаралық зиялы, спорттық-мәдени жарыстардың жеңімпаздары.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -