Қостанай облысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

8943

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Ақан Ташпанов Қостанай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы және Әдеп жөніндегі уәкіл Жанерке Атамбозовамен бірлесіп қызметкерлер арасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Іс-шара барысында Ж. Атамбозова қызметкерлерге жүктелген міндеттерді түсіндірді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этикасы туралы хабардар етті, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытынан тыс этикасын сақтау мәселелерін қозғады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыртқы келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс екендігі атап өтілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша Департамент басшысы Ақан Ташпанов мемлекеттік қызметтің маңыздылығын және халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін нығайту, заңнама нормаларын сақтау қажеттігін атап өтті.

Департаменттің мемлекеттік қызметшілерінің шектеулер мен міндеттерді сақтау бөлігінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңдылығын сақтау маңыздылығы да атап өтілді.

Кездесу барысында Департамент қызметкерлері өз пікірлерімен бөлісіп, өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерді абыроймен атқаратындарына сендірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -