Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы тағайындалды

671

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бибігүл Төкенқызы Ұзақова Алматы облысы қаржы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бибігүл Төкенқызы 1975 жылы туған, білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы қаржы басқармасының жетекші маман-бухгалтері, бас маманы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, Алматы қаласы экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары бастығының орынбасары, Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, «Eco Almaty» ЖШС директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2021 жылдың қазан айынан «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ бас-эксперт аудиторы лауазымында.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -