Дархан Сатыбалды түркі мемлекеттер ұйымы өкілдерімен кездесті

663

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі мемлекеттер ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Асимовпен және Хатшылықтың жобалық директорлары Ержан Мұстафин, Шокирджон Рахматов, Эрсин Айдоғанмен кездесті. Мәртебелі меймандар Түркістан қаласында 3-4 қазан аралығында өтетін «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум жұмысына қатысу үшін арнайы келген, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

«Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасы екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристтер ағынын арттыруға бағыттылған. Өз кезегінде, аталған жоба екі елдің сонымен қатар, шекара маңындағы өңірлердің экономикалық дамуына оң серпін береді.

Айта кетейік, туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы Әзірбайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына (бұдан әрі – ТМҰ) мүше елдердің туризм министрлерінің 7-ші отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша ТМҰ хатшылығының, Қазақстан мен Өзбекстан делегацияларының қатысуымен «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын әзірлеу бойынша үшжақты кездесу өткізу келісілді.

Жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі пысықтау үшін ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан мен Өзбекстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, ТМҰ хатшылығының қатысуымен онлайн кеңес өткізілген. Өз кезегінде, Кеңес қорытындысы бойынша «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум» шеңберінде жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі талқылау туралы шешім қабылданды.

Келісімге сәйкес пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың қатысуымен форум ағымдағы жылдың 3-4 қазан аралығында ұйымдастырылып отыр.

Түркістандағы Туризм және меймандостық университетінде өтетін Форумға ТМҰ-ның өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі, кеден қызметі, шекера қызметі, ішік істер қызметі мен туристік қауымдастық өкілдері қатысады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -