Қала құрылысына бірегей нысан нөмірін енгізу мәселелері пысықталуда

663

Қала құрылысы кадастры құрылыс жұмыстарының ашықтығын, жобаларды әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз етуге тың серпін береді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазіргі таңда нысанның бірегей нөмірін енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Өз кезегінде аталған жүйе халық пен бизнеске ашық мәліметтер беруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қосылуға техникалық шарттар беру бойынша қызметтер көрсету үшін табиғи монополиялар субъектілерін цифрлық платформамен қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді. Сонымен бірге халық пен бизнес үшін ашық процесті жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен «Қазреестр» ақпараттық жүйесінде көрсету үшін объектінің бірегей нөмірі бар қала құрылысы кадастрының деректерін пайдалану мүмкіндігі де қарастырылуда.

«Бұл іс-шара деректерді қайтадан енгізуді және осылайша үлестік құрылыс кезінде тұрғын үйді қайталап сатуды болдырмау үшін нысандарды кеңістіктік байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ведомство басшысы.

Бүгінге дейін деректер базасында 333 мың гектар аумақты қамтыған инфрақұрылымдық деректердің 65 пайызы жинақталды. Дерекқор жергілікті атқарушы органдар берген мәліметтер негізінде жасақталуда.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -