Зымыран әскерлері мен артиллерия – әскердің күш-қуаты

1132

Төртінші қазанда Қазақстан Қарулы күштері Зымыран әскерлері мен артиллериясының мамандары кәсіби мерекесін атап өтуде. 2000 жылы дәл осы күні Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес, Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы құрылды, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Бүгінгі таңда Зымыран әскерлері мен артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді және жалпы әскери іс-қимылда қарсыласты атудың негізгі құралы болып табылады. 

Олардың жауынгерлік күшінің негізін тактикалық зымырандардың, оқпан мен реактивті артиллерияның, минаатқыштар құрамалары, әскери бөлімдері мен бөлімшелері құрайды. Зымыран әскерлері мен артиллерияның маңыздылығы оның артиллериялық барлаудың заманауи құралдары мен әскерлерде кеңінен енгізілген және қарсыластың нысандарын жеңудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін артиллериялық атысты басқарудың автоматтандырылған жүйесінде болып отыр.

Зымыран әскерлері мен артиллерияның жеке құрамы барлық уақытта армиядағы дайындығы жоғары мамандардың бірі болып қала береді. Жауынгер-артиллерист мамандығы тек батылдық пен кәсіби шеберлікті ғана емес, сонымен қатар олардың жауынгерлік қабілеттеріне сәйкес атыс міндеттерін орындау кезінде нысандарды дәл анықтау, шебер жоспарлау және бөлімшелерді басқару бойынша нақты машықты қажет етеді.

Қазіргі уақытта елде барлық деңгейдегі Зымыран әскерлері мен артиллерия мамандарын даярлау жүйесі бар. Артиллериялық бөлімшелерге  Құрлық әскерлерінің әскери институты мамандар даярлайды. Жедел-тактикалық деңгейдегі офицерлерді Ұлттық қорғаныс университеті оқытады. Ал әскери дайындалған резерв жыл сайын әскери кафедралардың түлектерімен толықтырылып отырады. Артиллерия сержанттарын әскери колледжде, артиллерия мен минаатқыш есептоптарының кіші мамандарын Құрлық әскерлерінің оқу-жаттығу орталығында дайындайды.

Артиллеристер өздерінің кәсіби шеберліктерін атыс және жаттығулар барысында үнемі дәлелдеп қана қоймай, шартты қарсыласты жеңу үшін оқ ату тапсырмаларын орындайды. Сонымен қатар, қазақ жауынгерлері 2016 жылдан бері Халықаралық армия ойындары аясында өткізіліп келе жатқан «Артиллериядан оқ ату шеберлері» байқауында жеңімпаз атанып жүргенін айта кету керек.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -